Алматыда сырқат балалардың арманын орындайтын қор құрылды

Алматыда бір топ ерікті «Менің арманым» атты қайырымдылық қорын құрды. Олар онкологиялық ауруға шалдығып, ауруханада емделіп жүрген балалардың арман-тілегін орындайды. Қорға ата-ана мен бала өтініш береді. Еріктілер «мақсатымыз — көп уақыты емге кететін ата-ана мен бала көңілін сергіту» дейді.