ПЕТРОПАВЛДА «ЭКО-САҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Эко-сағат» республикалық акциясын петропавлдықтар да қолдады. Ел көлемінде өткен эко-челлендж аясында шаһарда 500 ағаш көшеті мен жасыл желекті шарбақ отырғызылды. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пен қала әкімі Болат Жұмабеков қатысты.