Ақжайықтық жастардың ардагерлерге құрметі

Бүгін Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізілді. Бұл бастаманы бүгін аудан орталығына қарасты Ақжайық аграрлық-техникалық колледж студенттері, барлық мектеп оқушылары және Ақжайық саз мектебінің ұжымы қолдады. Шара барысында Ұлы Отан соғысы мен тыл, еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалпы көмекке мұқтаж адамдарға жастар тарапынан қол ұшын созып, тиісті көмек көрсетілді. Атап өтсек, мал қораларын тазалау, отын ағаштарын кесіп, даярлау, қыс мезгілінің басынан-ақ қар көптеп жаууына байланысты, аулада қар аршу жұмыстары жүргізілді. Акция аясында Чапаев ауылында 7 мекен-жай бойынша көмек көрсетілсе, аудан көлемінде барлық 18 ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі қеңесші мамандарының ұйымдастыруымен жүргізілуде. Аудан бойынша қатысқан ерікті жастардың саны 200 ден астам адамды құрады. Олар көмекке зәру 22 ауылдастарына жәрдемдесті. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясында белсенділік танытқан