Алыс айту кні

2024 жылдың 15 наурызы күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері Долинка елді мекенінде орналасқан 6505 Әскери бөлімімен Алғыс айту күніне арнап кездесу ақпараттық тақырыптық кешін өткізді. Іс-шара барысында мейрамның тарихына тереңірек тоқталып, тақырыпқа түрлі видеороликтер назарларына ұсынылып, тыңдалынып, сонымен қатар белсенді сарбаздар арасында осы мереке жайлы өз ойлары естіліп, бұл мереке Қазақстан халықтарының арасындағы ғажайып шексіздігін танытатын бірегей, шоқтығы биік, өміршең мереке екендігін паш ету мақсатында айтылып өтілді. Кітапханашылар аталған мерекенің әрбір жылы аталып өтілуіндегі насихаттайтын «Жан алғысы» атты кішігірім кітап көрмені сарбаздардың назарларына ұсынып, кітаптарды жекелей айтып, таныстырды.