1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер ашылады

Көптен күткен жаңалық! Еліміздегі барлық блок бекет 1 маусымда ашылады. Бұл жөнінде Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Жол ашылған соң, сәйкесінше азаматтар өз көлігімен басқа қалаға қатынай алады. Ал, 5 маусымнан бастап қалааралық автобустар жүреді. Жолаушылар тасымалына жауаптылар алыс жолға шығатын көліктердің салонын ұдайы дезинфекциялап отыруға міндеттелді. Медициналық маска мен антисептиктер де ұмыт қалмауы тиіс. Айта кетейік, елімізде барлық шектеу алынғаннан кейін, қалааралық 313 бағыт бойынша 610 автобус қызметке кіріседі. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!