17100902_1220856611363327_6010937697189756928_n

Бүгін, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Мұғалжар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Күн нұрына шомылған - Наурыз» акциясы қала көшелерінде өткізілді. Акция барысында жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілерден құралған топ қала көшелерінде барлық әйел затына құттықтау ашық хаттарын таратты. Ардақты апа-әжелер, аяулы аналар, сұлу да сүйкімді қыз-келіншектер мерекелеріңіз құтты болсын!!! 💐💐💐#zhasmugalzhar #Жасмугалжар