Шалқар ауданындағы Құрбан айт мерекесі

Қыркүйек айының 24 жұлдызында Шалқар ауданындағы барлық мешіттерде Қасиетті Құрбан айт мерекесі аталып өтті.Мерекеде аудан әкімі Е.Данағұлов «Матай Қоқанұлы» мешітіндегі айт намазына қатысып,барша мұсылман қауымын айт мерекесімен құттықтады.Аудан әкімі барша қауымға денсаулық, отбасылық бақыт, елімізге тыныштық, бақ-береке тілеп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.Мерекелік айт намазынан кейін мұсылмандар «Жанаман Ахун Сейітімұлы» мешітінің ауласына барып, арнайы бөлінген жерде құрбандық шалды.Сондай-ақ мешіттің сыртындағы алаңда мереке ұйымдастырылды, ағаш үй тігіліп, балалар ойнайтын алаң құрылып, ұлттық ойын ұйымдастырылды.(қазақша күрес, 100 метрге жүгіру, гір тасын көтеру, қол күрес) Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.Балаларға ойыншықтар мен тәттілерді тегін таратылды.Құрбан айт мерекесіне қала тұрғындарына «Матай Қоқанұлы» мешітінің алдынан тегін такси қызметі көрсетілді.Сонымен қатар тігілген киіз үйде ауыл ақсақалдарына ас берілді. Іс-шара жалпы – 600 адамды қа