16-Желтоқсан! Құйын-86!

Бұрқ етті қазақ баласы, Кеуде де өршіп наласы. Алаңға қарай ағылды, Таусылып барлық шарасы... Күні кешегі болған желтоқсан оқиғасы естеріңізде шығар. Сайтан саясаттың ашық көрінісі. Қазақ жастарының тәуелсіздік үшін күресі мен құрбандығы. Әлем тағзым еткен патриот жастардың толқуы... Желі ызғарлы желтоқсан мәңгі қазақ жүрегінде.... Елінің, жерінің бостандығы үшін талай аға – әпкелеріміз жастық шағын құрбан қылып, біздер үшін жанын қиды. Ең болмаса сол қаһармандардың рухын құрметтейік. Ғасырлар бойы күткен осынау күнді 10 күн еске алсақта еш артықтығы жоқ. Болашаққа қадам баса отырып, өткеніңді ұмытпа!