Кайратұлы Багдат

Ботам, сенің ендігі мəңгілік үйіңе барып, құран бағыштау қаншалықты қиын болғанын білсең ғой. Жаратқан Аллам жаныңды жəннатта, иманыңды жолдас етіп, қабір азабынан сақтасын. Шыбын жаның шырқырағаны есіме түссе, көзіме еріксіз жас келеді. Бір ай өтті... Уақыт қайта айналып келмейтіні өкінішті... Сол күні сені жібермес едім. Мəңгіге кеткеніңді қайдан білейін? Ішімдегі өкініш өзегімді өртеп барады. Жарқыным, бақұл бол! Əжең мен əкеңнің қасында жаның жай тауып, жаның жəннатта болсын! Əмин!