Семейде «Ұлы далам» географиялық сайысы өтті

Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі географиялық сайыс өтті. Ұлтымыздың ажырамас бір бөлігі болған, салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды насихаттауды басты назарға алған осынау шара мектебіміздің география пәні мұғалімдерінің бастамасымен қолға алынған. Шараның басты мақсаты қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін насихаттауды көздейді.