«Бастау» домбырашылар тобы Америкада

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🇰🇿 Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы 72 мемлекеттің өкілдері бақ таластырған сайыста өз номинацияларында алтын медальге ие болды. World Championship of Performing Arts - WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік Олимпиада ойындарымен тең. Өнер додасына әр мемлекеттің ең талантты деген өнерпаздары қатысады.