Снегурочканы сабап тастады

Бұл оқиға Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған. Жаңа жылға жасанып киініп шыққан Аяз ата мен Қарқызы бір топ жігіттің ашуын туғызыпты. Видео кадрлерінде көрсетілгендей, бір топ ер азамат көшеде кетіп бара жатқан Аяз Атаға тиіспейді, бірақ оның жанындағы Қарқызы болып киінген адамды қоршап, балағаттайды. Бетін жұдырықтарымен ұрып, аяқтарымен тепкілейді. Неге? Себебі, әлгі Қарқызы анығында қыз емес, жігіт болып шыққан. Жұрт қызтеке кейпіндегі жігітке ашуланған. «Снегурочкасын» сабап жатқанда Аяз Ата костюміндегі адам келіп көмектесуге де дәті шыдамапты.. Ол қорқып, тасада қалады.