Жалаңашкөл жанжалы. 1969 жылы Қазақстан аумағына Қытай әскері басып кірді

1969 жылы Совет Одағы мен Қытай арасындағы шекара дауы шиеленісті, бірнеше әскери жанжал болды. Қытай әскері Қазақстан аумағына да кірді. Бұған дейін СССР мен Қытай дос болып, мәдени-экономикалық қатынасты күшейтті. Шекарадағы жанжалдан кейін екі елдің арасы күрт суыды. Алматыдағы Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінен алынған видеолар сол кезеңдегі оқиғаларды сипаттайды.