Үкімет малдарынан айырылған шаруалардың шығынын өтемейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі қуаңшылықтан малдарынан айырылған шаруаларға шығынын өтеуге көмектеспейді. Биыл Қызылорда, Маңғыстау облыстарын қуаңшылық әуреге салып жатыр. Үкімет есебі бойынша, Маңғыстауда – 1147, Қызылордада – 492 мал өлген. Жағдай әлі де тұрақты емес. Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында да қуаңшылық байқалады. Елде қуаңшылық қысып жатқан тұста президент ауыл шаруашылық министрін қызметтен алды.