Трамп Шыңжаңдағы қысым үшін Қытайға санкция салатын заңға қол қойды. Заңның ерекшелігі неде?

Трамп Шыңжаңдағы қысым үшін Қытайға санкция салатын заңға қол қойды. Заңның ерекшелігі неде? 17 маусым күні АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктерге санкция салатын заңға қол қойды. «Ұйғырлардың құқығы жөніндегі саяси акт» деп аталатын заң Қытайдағы ұйғырлардың, қазақтардың, қырғыздардың және өзге де мұсылмандардың діни сенімдері мен ұлттық ерекшеліктерін жоюға қатысқан адамдарға санкция салуды міндеттейді.