Нұр-сұлтандық белсенділер биліктен «саяси тұтқындарды» босатуды талап етті

Олар АҚШ елшілігі мен Әзіре Сұлтан мешіті алдында наразылық шарасын өткізді. Мешіт имамы да, әкімдік өкілінің де сөзін тыңдамады. Белсенділер мұндай шараны 4 тамыздан бері өткізіп келеді. Қазақстан билігі елде «саяси тұтқындар» барын жоққа шығарады.