Жастар таңдауды қалайды

Алматыда марафон кезінде «Шындықтан қаша алмайсың» деген баннер ілгені үшін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков 15 тәулікке қамалды. Оларды бейбіт митингі өткізу туралы заңды бұзды деп айыптады. Жастар мен жақтастары айып негізсіз тағылды деп санайды. 22 сәуірде марафон кезінде ұсталған Сүйінбике Сүлейменоваға 50 мың теңге шамасында айыппұл салынды. Тағы екі белсенді жастың соты өтіп жатыр