Қазақстанда әйелдер құқығы қаншалықты қорғалған?

Қазақстанда соңғы бір айда көп балалы әйелдер наразылыққа шығып, тұрмысы төмен отбасылар мәселесі қоғамда ашық талқылана бастады. Әйелдер билікке азаматтық талап қойып, тұрмысына жәрдем беруді, құқықтарын сақтауды сұраған оқиғалар жиіледі. Тікелей эфирде Қазақстандағы әйелдер құқығының қазіргі ахуалын заңгер, құқық қорғаушы Айман Омаровамен талқылаймыз.