Арстанова Аниса

Арстанова Аниса – электроэнергетика факультетінің 1 курс студенті, 18 жаста. Алматы қаласының тумасы. Аниса - белсенді , жауапкершілігі мол, нақтылықты жақсы көретін, сұлу да сымбатты бойжеткен, қарапайым әрі мейрімді жан. Ол күнделікті тәртіп бойынша дене күтіміне уақыт бөліп, спортпен шұғылданады. Аниса - «Қайрат» футбол клубының үлкен фанаты. Кумирі – Қайрат Боранбаев («Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы). Арманы – жеке меншік отбасылық аквапарк иемдену. Өзгелерден бірден ойымен де, болымысымен де ерекшеленіп, адамды өзіне тартып тұратын ол, көбіне топтық жарыстарға қатысатын, ал енді өзін жеке тұлға ретінде сынамақшы. Менің ойымша, бұл сұлуымыз басқа қатысушыларға лайықты конкуренттердің бірі.