Оңтүстік Кореяда сотталған 25 қазақстандық жазасын елде өтейді

Оңтүстік Корея түрмелерінде жиырмадан астам қазақстандық жазасын өтеуде. Тағы осынша отандасымыз жасаған қылмысы үшін сот үкімін күтіп жүр. Мәжілістің жетінші шақырылым депутаттары алғашқы отырыстарында шетел түрмелеріндегі отандастарымыздың жайын талқылады. Бас прокуратурадағылар өзге мемлекетте аяғын шалыс басқан жерлестерімізді біздегі түзету мекемелеріне ауыстыруды ұсынды. Мұны депутаттар қолдады ма? 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!