Әкімдік халықты ауызсудан айырды

«Артық қыламын деп, тыртық қылды». Осылай демеске амал жоқ. Алматы облысында бүтін бір ауыл Талғар ауданы әкімдігінің қабылдаған шешімінің арқасында ауыз судан қағылды. Әкім-қаралар қара күзде ауыл халқы су ішіп отырған құбырларды кесіп тастап, жаңасын салмақ болыпты. Салдарынан не жаңасы салынбай, не ескі құбыр кәдеге жарамай жұртшылық жуыну түгілі бір шәугім суға зар болуда. Қар басып қалғандықтан жұмыстар көктемге дейін қалып қоя ма деп қауіптенуде. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!