«Әліппе» 2021 жылы оралады

Қуанышты жаңалық. Мектеп қабырғасында талай буын сауатын ашқан “Әліппе“ білім ордаларының бағдарламасына қайта оралады. Барлығы дұрыс болса, алдағы қаңтар айында Ахмет Байтұсынұлының негіздемесі бойынша әзірленген оқулықтар еліміздің бірнеше мектептерінде сынақтан өтеді. Бастауыш сыныптың негізгі кітабына айналған оқулықты жан-жақты зерделеуге Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы тартылған. Еске сала кетейін, министрлік “Әліппені“ 2016 жылы қолданыстан алып тастап, орнына “Сауат ашу“ деген пән қойған болатын. Бірақ, ол оқулық көптеген мамандардың сынына ұшыраған еді. Одан бөлек, ата-аналар да үйреншікті бағдаларамалар оқытылсын деп талай рет бастама көтерген болатын. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!