Өзеннің қиыршық тасы мен құмын қазып алып жатыр

Бірдің кесірі мыңға! Түркістан облысында табиғатқа қастандық жасалып жатыр. Әлдекімдер әйгілі Келес өзенінен қиыршық тас пен құм қазып алып, жағалаудағы жарқабақтың құлауына себепші болып жүр. Су деңгейі де төмендеп, суармалы алқап шөлейтті жерге айналып барады дейді елді-мекен тұрғындары. Абылай ханның өзі айтпақшы “Келестің бойы кең жайлау“ екенін кезінде көзіміз көрді. Жыңғылынан жылқының жотасы көрінбейін жап-жасыл өзен аңғары қазір құм-топырақ, қазаншұңқыр, белуардан батпақ. Үздіксіз қаза бергендіктен өзен арнасы да өз бағытынан едәуір ауытқып, жарды кеулеп барады. Ол ауылдағы ағайынға аса қауіпті. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!