Хайп қуғандар қайда барады?

Көзге оғаш, құлаққа ауыр тиетін видеоларымен әлеуметтік желілерді жайлаған жастар метродағыларды шошытты. Лайк пен комментарий үшін ұятты ысырып қойып, үлкен-кішінің көзінше қылғына айқайлаған жігіттер осылайша танымал болуды көздеген сыңайлы. Бірақ олардың бұл контенті жас буын өкілдеріне ұнап жатқанға ұқсайды. Сұранысқа сай әрекеттеніп жүрміз деген ұл-қыздар жапон анимациясын да жарнамалауды ұмытпаған. Өзге елдің аниме индустриясын өз елінде жалау еткендер кім? Өзіміздің ертегі қаһармандары неге ұлықталмайды? #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан