Қызылордада екі бала суға кетті

Ал Қызылордада екі бала суға батып кетті. Кеше кешкі 7-лер шамасында құтқарушыларға Қараөзек ауылы Сауранбай каналы мен Сырдария өзенінің түйіскен жерінде 2007 және 2010 жылғы туған екі ер жеткіншектің суға ағып кеткендігі жайында хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 10 қызметкері мен 3 арнайы техника жеткізілген. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері балаларды кешкі 10-ға дейін іздеген, алайда таппаған. Іздестіру жұмыстары келесі күні таңғы 5-те қайта жалғасқан. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!