Той бизнесіндегілер: кредитіміз шыдатар емес!

«Қазақтың тойы бітпесін» деген көптің тілеуі соңғы үш айда көкке жетпей тұрған сияқты. Мамыр айынан бері монша, мейрамхана, спа және спорт нысандарының жұмысы жанданды. Сол-ақ екен, тойшыл қауымның көңілінде үміт оты маздады. Бұл карантинде қаржыдан қағылған тойхана иелеріне де, сөз ұстаған асабалар қауымы, әнші-биші, даяшы, қысқасы той бизнесін төңіректегендердің бәріне қатысты. Алайда санитарлық дәрігерлер «тойды, той тұрмақ той туралы ойды қоя тұрыңдар» деумен келеді. Обалы нешік, бірнеше өңірде асабалар мен кәсіпкерлер митингке шықты осы аптада. Олар нені талап етуде? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан