Шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды

Ал осы Мақтааралдағы бүлінген үйлер мен қырылған төрт түлікті есептеу үшін Премьер-министрдің бұйрығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Ол өз кезегінде су басудың алдын алу үшін қажетті жұмыстарды жүргізетін болады. Комиссия төрағасы болып премьердің орынбасары Роман Скляр тағайындалды. Ал, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жағдайды бағамдап, келіссөз жүргізу үшін Өзбекстанға шұғыл аттанып кетті. Қиын жағдайға тап болған ауданға еліміздің түкпір-түкпірінен тонна-тонна гуманитарлық көмек келіп жатыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!