Мыңға жуық Қазақстандық карантинде жатыр

Халықаралық Global Health Security Index талдау орталығы коронавирусқа қарсы даярлық дәрежесінің ретингін түзді осы аптада. Қазақстанға 195 елдің ішінен 143-орын бұйырыпты. Көрші Қырғыз елі 44-ші ал Ресей 43-ші орында. Өзбек ағайындар да біздің алдымызда. 138-ші орын. Десе де бұл сандар нақты ахуалды көрсете алмайтынын ескерген жөн. Бірақ біздің даярлығымыз осыншалықты төмен бе деген ой қай-қайсымызды болмасын мазалайтыны анық. Коронавирустың жағырапиясы күн санап өсіп келе жатыр. Қазіргі ахуал шамамен былай. Қазір коронавирусті жұқтырғандар саны әлем бойынша 100 мыңнан асып, 3-мыңдай адам көз жұмды! Инфекция 90-нан астам елде тараған! Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Қытайда! Ал біздің елге келетін болсақ, 1000-ға жуық адам карантинде! Оның 601-і үйде, қалғаны стационарда жатыр. Ал, бүгіннен бастап болса вирус жылдам тарап жатқан Қытай, Иран, Оңтүстік Корея азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан