Ынтыматы елді ырысы мол (1)

Құбылмалы дүниеде қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар. Ол – бiрлiк. Тарихи оқиғалармен дәлелденген өмір шындығы бұл. Қазақстан – бейбітшілікті сақтап, өркениетаралық диалогты нығайтуға мүдделі. Бір идеяға топтасқан ұлт пен ұлыс үшін төзімділік – дамудың өзегі. Бүгінде елімізде 100-ден астам этнос келісім жағдайында өмір сүріп жатыр. 18 конфессия, 4 мыңға жуық діни бірлестік бар.