Ақбұлақта су жоқ!

Алматыдағы білдей бір шағын аудан тұрғындары ауыз сусыз қалуы мүмкін. Биыл елді мекенге магистральды су құбыры тартылған. Алайда тұрғын үйлерге кіргізілмепті. Мердігер компания өкілдері жобада құбырды үйге дейін тарту қарастырылмағанын ескертіп, әркім өз үйіне өзі тарту тиіс екенін ескерткен. Егер бір айдың ішінде орталық су желісіне қосылып үлгермесе, одан кейін ешкімге рұқсат етілмейді екен. Өзге амалы қалмаған Ақбұлақ тұрғындары билік партиясынан көмек сұрауда. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан