Бүлдіршіннің тағдыры не болмақ?

Ақтөбеде ВИЧ жұқтырып, сал ауруына шалдыққан 4 жасар қыз бір апта бойы қараусыз қалған. Шешесі қайтыс болған соң өгей әкесі мен ағайындары балаға бас-көз болудың орнына, ішімдік ішуден қолдары тимеген. Тіпті, ешкім біліп қоймасын деп қызды жасырып қойған дейді көршілері. Әбден арып-ашып, әлсіреп, кір-қожалақ болған бала туралы да көмек сұрап, дабыл қаққан солар екен. Бүлдіршіннің қазіргі жағдайы қалай? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан