Мал қорымымен іргелес жатқан ауыл балаларының үстін жара қаптаған

Алматы облысындағы Долан ауылының тұрғындары өлексенің иісіне тұншығып отырғандарын айтып арнамызға шағымданды. Елдімекеннің дәл іргесінде жануарлар қорымы бар екен. Онда ауру жан-жануарлардың өлексесі тасталатындықтан балалардың үстіне жара қаптай бастады деп дабыл қағуда. Ал ветеринарлар мал қорымына жақын үй салған тұрғындардың өздерін кінәлауда. Тақырыпты тараптардың пікірін тыңдап қайтқан тілшіміз тарқатады. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан