РАМАЗАН-2022: Игі істер жалғасуда

А.ж. 8 сәуір күні елорда іргесіндегі ЕЦ-166/10 мекемесінде 300-ге жуық жазасын өтеушілер қатарынан, 90-нан астам жазасын өтеуші Рамазан айының оразасын ұстауға ниет білдірген. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ЕЦ-166/10 мекемесінде арнайы ауызашар өткізіліп, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы, «Зекет» қайырымдылық қоры мен «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің қолдауымен «Рамазан сыйы» бокстары үлестірілді. Іс-шара барысында, Орталықтың теолог мамандары тарапынан, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерге арналған дәрістер өткізілді. Рамазан айында, ауызашар беру, бокстар тарату, әртүрлі тақырыптарда дәрістер оқу науқаны, басқа да түзеу мекемелерінде жалғасын табады.