Ресейге e-govты беріп, әлеуметтік желілерсіз қаламыз ба?

Еліміздің электронды үкімет жүйесі Ресейдің «Сбер» платформасына көшірелетіні хабарланды. Тоқаев жобаны «Қазақстан азаматтарының өмірінің сапасын арттыруға және бизнес-климатты жақсартуға» оң әсер етеді дейді. Ал Путин «екі ел әріптестігінің жоғары деңгейге жеткендігінін айғағы» деп отыр. Ал біздің сауал «неге сонша қомақты қаражаты жергілікті IT компаниялар мен мамандарға жұмсамасқа?». Сондай-ақ мәжіліс әлеуметтік желілерді шектеуді қарастыратын түзетулерді мақұлдады. Бүгінгі шығарылымда аптаның басты жаңалықтарына айналған осы тақырыптарды10 талқылаймыз.