[QAZSUB] jonghyun - so goodbye

менің кәріс музыкасына деген махаббатым шайнидан басталып еді. джонхеннің дауысын жүздің, мыңның арасынан танитынмын. енді осындай тамаша, жарқын жанның арамызда жоқтығы қаттты қынжылтады. ол өзінің соло камбэгіне дайындалып жүрген. тіпті, бейнебаянының түсірілімін аяқтады. басымыздағы әзәзілдің бізді өз ырқына көндіріп, “дәл қазір өлім үшін таптырмас сәт“ деп біз үшін шешім қабылдауы бір-ақ мезетте орын алуы мүмкін. сондықтан, депрессияны жете бағаламауды доғару қажет. джонхеннің жаны жәннатта болсын. #staystrong