Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала есінен танып өлді

#КТКжаңалықтары Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала көз жұмды. Жаттығу барысында 9-шы сынып оқушысы есінен танып, жедел жәрдем қызметі жеткенше тіл тартпай кеткен. Жеткіншектің неден өлгенін дәрігерлер де айта алмай отыр. Қайғылы оқиға Қазақ спорт және туризм академиясының қабырғасында болған. Академия басшылығы ақылы баскетбол үйірмесін өткізетін жаттықтырушы өте тәжірибелі маман екенін алға тартады. Оқыс оқиғаның жай-жапсарын КТК тілшісі Сымбат Ғалымбекұлы біліп қайтты. #Алматы #мектеп #бала #оқушы #өлім