«Анасы қалды аңырап, баласы қалды шырылдап». Браконьердің қолынан қаза тапқан инспектор жер қойнына тапсырылды

#КТКжаңалықтары Табиғат қаскөйлерінің оғынан ажал құшқан инспектор Қаныш Нұртазиновты жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Туған жері Қоскөлдіктердің қабырғасын қайыстырған қаралы жиынға облыс әкімі Ерлан Қошанов пен Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысып, батырдың ерлігі ел есінде мәңгі қалатынын жектізді. Қызмет бабында қаза тапқан қорықшы Президент жарлығымен 1-ші дәрежелі Айбын орденімен марапатталды. Сондай-ақ, табиғат қорғау инспекторының есімі Ұлытау ауылындағы бір көшеге берілетін болды. #браконьерлер #инспектор #қазатапты #табиғат #экология #Қазақстан