Әйеліңнің мінезі жаман болса

Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалған сөз бар: «Ең жақсы еркек – әйеліне жақсы қарым-қатынас жасаған еркек» дейді. Кешегі алтын құрсақ аналарымыз күйеуінің аяулы алақанында отырып, алып балаларды дүниеге алып келген. Өкінішке орай, бүгінде әйелдің нәзік жанды екенін пайдалана отырып «әйелімді қабағыммен басқарамын» дейтін азаматтар жоқ емес. Отбасында ыдыс-аяқтың сылдырлайтын күндер де туып тұрады, сондай уақытта, әйел – Алланың сізге берген аманаты екенін естен шығармаңыз. Әйелдің ең бірінші ұстазы – өзіңіз, ол – сізге қарап бой түзейді. Кез келген ата-ана қыздарын жүз пайыз керемет қыз етіп тәрбиелеп беруі мүмкін бірақ, жүз пайыз керемет келіншек етіп тәрбиелеп бермейді, ол өзіңізге байланысты. Қыз – гүл сияқты, кез келген гүлді жылыжайдан толық ашылып бітпеген күйінде жұлып аламыз. Үйге әкеліп, әдемілеп терезенің тұсына қойып, суға салар болсақ, ол әрімен қарай одан да әдемілене түсіп, толықтай ашылады, қыз да сол сияқты. Үйіңізге келін болып түскен күннен бастап, мейірі