TEDx Semey - Just do it!

Достар, осы сенбіде, 12 мамыр күні, Жастар сарайында екінші лицензиялы TEDx Semey конференциясы өтеді. Конференцияның биылғы тақырыбы - “Just do it!“ (Бәрі өз қолыңда!). Басталуы -да. Конференцияда сөз сөйлейтін спикерлер мен олардың дәрістерінің тақырыптарын шараның Instagram-дағы ресми парақшасынан таныса аласыздар - Конференцияны келіп тамашалағыңыз келсе, парақша профиліндегі сілтемеден қатысушы өтінімін жүктей аласыңыз да tedxsemey@ поштасына толтырып жіберіңіз. Көрермен саны лицензия талаптарына сәйкес шектеулі (тек 100 адам ғана қатыса алады), сол себепті тездетіп тіркеліңіздер! Конференция өте қызықты болмақ!