ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ.

№12 кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз–Халықаралық әйелдер күніне орай «Қыздарға әсемдік жарасады» қалалық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: Қазақ қыздарын халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан –жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.