ТЕМЕКІ ХАРАМ БА?

Темекі харам ба? Темекі ХV ғасырдан кейін Ислам елдеріне тарала бастады. Сол уақыттан бері ислам ғұламалары темекінің үкіміне баса назар аударған. Түркияның Ислам құқығы профессоры, доктор Хайреттин Караман «Хелаллер-Харамлар» (Helaller-Haramlar) атты кітабында темекі жайлы былай баяндалған: Темекіні мүбәh деп санайтындар оның зияны жоқтығына және Алла тарапынан тыйым салынбаған дәлелдерге сүйенеді. Құдіретті Алла Тағала – барлық дінді жаратқан, өзгерткен. Адамдар дін атын жамылып ойлап шығарған барлық нәрсені дін дей алмаймыз. Діни заңдылықтар – Алла Тағаладан, ал дінді жаюшы – пайғамбарлар. (Abdülhakîm-i Arvâsî) а) Қазіргі таңда темекіні ғылыми тұрғыдан нақты зиянсыз деп айтуға болмас; ә) Алла Тағала тыйым салмады деп те айтуға болмайды. Себебі, Жаратушы Иеміз әр харам жайлы атап айтпаған. Темекі шегуді мәкрух дейтіндердің сүйенетіні: бекітілген бір үкімге «харам» деуден бас тартулары және темекінің зияны жайлы нақты ақпараттың жоқтығынан деп есептейді. Темекі шегуді (нашақорлық) харам деп санайтындар