КИНО ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ – КИНОӨНДІРІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КӨПІРІ 2018 жылдың 17 мамыры Астанада, Ұлттық академиялық кітапханада Қаза

КИНО ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ – КИНОӨНДІРІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КӨПІРІ 2018 жылдың 17 мамыры Астанада, Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста ҚР «Кинематография туралы» заңнамасының негізгі ережелері талқыланды. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР министрліктері мен бағынысты ұйымдары, сонымен қатар шетел сарапшылары қатысты. Отырыс жұмысын аша отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік мәдени дамуы жөніндегі комитеттің төрағасы Бейбіт Мамраев киноөндіріс саласын реттеу үшін осы заңнаманы қабылдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрі киноөндірісті мемлекеттік қолдау, киноөндіріс үшін әкімшілік және технологиялық негіз әзірлеу және кинематограф саласына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша баяндамамен сөз сөйледі. Соның ішінде, министрлік елдің кинематографын жаңа сапалық деңгейге шығару