UrQer Educaion

ҚАЗАҚША МОТИВАЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ Жуырда, 12 наурыз күні “UrQer education“ ағылшын тілін оқыту орталығында қазақша мотивациялық тренинг өткізілді. Тренингті Халықаралық Олимпиадалардың жеңімпазы, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Аяжан Оралбекова жүргізді. Аяжан – IELTS сынағынан өтіп, 14 күннің ішінде сертификатын иеленген. 5 тілде еркін сөйлейді. Əлемнің дамыған 12 мемлекетін аралап, жоғары білімді дамыту мүмкіндігіне ие болған. Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика саласы бойынша білім алып жүр. Аяжан əрбір жеткен жетістігін тізбектеп, жеке тапсырмаларды орындауға қанша уақыт жұмсағанын, нəтижелерді қалай жақсартуға болатынын, əлемнің 12 еліне жасаған саяхаты туралы, сондай-ақ, тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы туралы айтып берді. Тренинг барысында қатысушылар жетістікке жету үшін қандай қабілеттерді дамыту керек деген сұраққа нақты жауап алды. Ағылшын тілін үйреніп, білімін дамытып жүргендер үшін пайдалы кеңестерге толы күн болды. 26 нау