Алматы: Алаң жұрт алаңға өте алмады

Алматыда Жер кодексіне қарсы мамырдың 21-іне белгіленген бейбіт наразылық шеруі болмай қалды. Таң ата Алматының бас алаңын полициясының жасақтары қоршауға алды. Алаңға қалтарыс-бұлтарыс арқылы өтіп кеткен екі жігіт таңғы сағат 9-30-да ұсталды. Сағат 10 шамасында алаңның Фурманов-Сәтпаев көшесі жағына 100-ге жуық адам топтасты. Бірақ полиция оларды да қысымға алып тез таратып жіберді. Полиция жасақтарының екпінімен тықсырылған халық Абай даңғылының бойымен Абылайхан көшесіне қарай бет алған тұста «Менің Қа