Туған күніңмен Анашым ❤

Ана – өмірдің өлең жыры,жарық күні,жайқалған гүлі,шуақ-нұры.Иә,ана деген сөзге бәрі де сыяр еді-ау,әрине оған дәл теңеу таба білсең…Жер бетінде анаға тең құдірет жоқ шығар.Ана әрқашан балаларына өз ауырғанын білдірмейді,жетістігімізбен мақтанып жүреді.Бала да анасын қуантуды өзіне бақыт санайды.Ананың жадыраған жүзін көру біз үшін де бақыт.Анамен бала жүрегі әрдайым бірге.Өмірде баласы бір жағдайға ұшырап қалса,ана жүрек шырылдайды ғой,шіркін!Ана – өмір!Ана – төзімді ,қайсар,құдіретті.Ана жүрегінен мейірімді,төзімді нәрсе жоқ.Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап анасының ыстық мейрімін,махаббатын сезіп өседі.Ана әйел, адам ретінде де қараңғыны нұрландырған жұлдыздай жарқырап,күндей күлімдеп жүретін ғажайып жан.Айта берсек, ана жайлы қозғалмаған әңгіме,айтылмаған ән жоқ шығар!