Бас тарту рәсімі

Бас тарту дәстүрін бүгінде көп қазақ ұмытып барады. Бас тартса да, оның терең мән-мағынасына бойлай бермейді. Бұрын аталарымыз басты бөлшектеп, жақсы сөз, жақсы ниет-тілекпен үлестіретін еді. Ол да көзден бұлбұл ұшқалы қашан?! Әкесі бар адамның бас ұстамайтындығы туралы білмейтін жастардың үлкен шоғыры өсіп келе жатқандығы көңілді күпті етеді. @kuat_akhmetzhanov ұсынған видео материалда осы бас тарту туралы тамаша деректер ұсынылған. Әлгіндей тағылымды деректер мен аңыздар туралы материалдардың алуан түрін @kuat_akhmetzhanov жеке парақшасынан аудиосын тыңдап, видеосын көрсеңіздер болады. @ ұлттық порталының оқырмандары! Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген арда азамат @kuat_akhmetzhanov парақшасына жазылуға асығыңыздар!