Улы дала промо

19-шы 20-шы тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Ұлы Дала елі» фестивалі Кенжекөл аймағында өтеді. Киіз үйлер тігіліп, мәдени – спорттық шаралар, бәйге, атадан балаға мирас болған салт-дәстүрлер Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Моңғол, Ресей елдері қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, «Томирис» би ансамблі, «Арлан» костюмдер театры өнер көрсетеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ақындар, жыршы - термеші, дәстүрлі әншілер Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Нұржан Жанпейісов, күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Ризолла Садықов және «Қоңыр», «Тұран» фольклорлық-этнографиялық топтардың концертін тамашалауға шақырамыз! Гала –концерт орталық жағалауда от шашумен жалғасын табады!