Ккмарданда ткен кілді кездесу

Бұрынғы Ленин атындағы мектепті 1976 жылғы бітірген түлектердің 40 жылдық кездесуі аясында, Көкмардан ауылдық мәдениет үйінде Ел Тәуелсідігінің 25 жылдығына орай ұйыдастырылған іс-шара өтті. Осы ауылдың тумасы ҚР туризм саласының үздігі, «Қылует» этно-мұражайының директоры Кендебай Қарабдалов ауыл тұрғындарына өзінің өнерін көрсетті. Бағдарлама барысында ол өзі жасаған, және көршілес елдердің аспаптарында еркін ойнап қана қоймай, оларды қазақша сөйлетіп, жан бітіріп, көпшілікті таңқалдырды. Жанды дауыста, аспаптардың орындалуымен өткен әсерлі кеш рухани байлыққа шөлдеп жүрген халықты сусындатты. Қазақ өнерін шет елдерде, Еліміздің бас қаласы Астана, мен мәдени қала Алматыда көрсетіп жүрген азаматтың бұл туған өлкесіндегі алғашқы бағдарламасы.Егерде билік өкілдері қолдау көрсетсе,ауыл аймақтарды аралауға дайын екендігін айтып отыр.