Алматы облысының Көксу ауданында 26 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр

“Жұмыспен қамту жол картасы“ аясында Алматы облысының Көксу ауданында 26 ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр. Соның нәтижесінде көптеген ауылда мәдениет үйі, мектеп пен амбулаториялар қалыпқа келіп, жолдар қайта жөнделеді. Көксу ауданында 10 мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. Әр мәдениет үйінде түрлі үйірмелер де бар. Мектептер мен спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары Жарлыөзек, Мұқаншы, Бесқайнар, Қаблиса ауылдық округтерінде де қарқынды жүріп жатыр.