АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1448 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ.

Сондай-ақ облыс әкімінің арнайы қаулысымен 1023 маманға бір жалақы көлемінде сыйақы тағайындалған. Бұл мақсатқа республикалық қазынадан 106 млн. теңгеден астам қаржы бөлінсе, Алматы облысының резервінен 137 млиллион теңге қаралды. Өңірде коронавирус инфекциясын анықтаумен айналысатын 4 зертхана жұмыс істеп тұр. Жақын арада бұған тағы екеуі қосылады. Сәуір айында да арнайы комиссия үстемеақы немесе сыйақы беруді қарастыратын болады.